RU

"АрселорМиталл Теміртау" ереуілге шыққан кеншілерді сотқа берді

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысының төрт сотына кеншілер ереуілін заңсыз деп тану туралы шағым берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Шахтинск, Абай және Саран қалалық соттары мен Октябрь аудандық сотына жұмысшылар әрекеті туралы шағым білдірді. Онда "Тентек", "Шахтинская", "Ленин", "Кузембаев", "Костенко", "Абай" және "Саранская" көмір шахтасы кеншілерінің ереуілін басқарып отырған мекеме жауапқа тартылсын делінген.

Сондай-ақ олар "Қорғау" көміршілер кәсіподағы, "Жақтау" металлургтер кәсіподағы мен "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ның жауапкершілікке тартылса дейді.

Барлық талап-арыздар қабылданды", - дейді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсаннан бастап «АрселорМиталл Теміртау» кеншілері кезекті ауысымнан кейін шахтадан шығуға бас тартқан еді.

Шахтерлер компания басшлығынан еңбекақы көлемін арттырып, еңбек шарттарын өзгертуді талап етіп отыр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ШҚО тұрғыны 500 мың теңгесін қайтармай кеткен алаяқ имамды таба алмай, дабыл қағуда (фото)

Кеншілердің жағдайы туралы бір ауыз сөз айта алмаған депутат елдің ашуына тиді (видео)

Танымал әншінің жоғалып кеткен жиені бұзақылар қолынан қайтыс болды (фото)

Қоластындағыларын "арамза, малғұндар" деп сөккен басшы ұятқа қалды

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилдердің саны азаймай тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1705561-arselormitall-temirtau-ereuilge-shyq.html