RU

Танымал кәсіпкер Райымбек Баталов жиенін қырқынан шығарып, дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Танымал отандық кәсіпкер Райымбек Баталов қызының тұңғышын қырқынан шығарып, бұл мерейтойды дүркіретіп атап өтті. Әнел Баталова мен әнші Шоқан Маратұлы ұлының бұл қуанышын Алматыдағы ең қымбат мейрамханада атап өтті. Бұл турады Әнел өзінің Instagram парақшасына жазды.

Мейрамхана іші ұлттық стильде безендіріліп, қонақтардың барлығы ұлттық киім киіп келген.

Тіпті дастарханның өзі қазақша жайылып, келген қонақтар нағыз қазақы "аураға" тап болды.

Еске салсақ, 25 қазанда "All Давай" тобының солисі мен Райымбек Баталовтың қызы Әнел алғаш рет ата-ана атанған болатын. Олар тұңғышының есімін Әлімхан деп атаған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1705600-tanymal-kasipker-rayymbek-batalov-zhi.html