RU

Жыныс мүшесі арқасында орналасқан сәби дәрігерлерді таңғалдырды (фото)

Әзірбайжанда жыныс мүшесі арқасында орналасқан сәби дүниеге келді. Ол – ана құрсағында бітіп, дамымай қалған егізінің мүшесі болып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерекше сәби екі жыныс мүшесімен туылған. Бір жыныс мүшесі өз орнында, ал екіншісі – арқасында орналасқан. Оны алғаш көрген акушерлер жағасын ұстап таңғалады.

Неонатолог дәрігер Гюндуз Агаевтың айтуынша, екінші мүше – хирургиялық жолмен алып тастауға болатын паразит екен.

«Артық мүше сәбидің егіз сыңарынан қалып кеткен. Алғашында ана құрсағында егіз ұрық пайда болыпты. Кейіннен екіншісі дамымай қалған да, тек өсіп шыққан жыныс мүшесі ғана сақталып, осы сәбидің арқасына жабысып қалған.

Хирургтардың көмегімен ол паразитті кесіп алып тастадық. Ота жасалған баланың жағдайы жақсы. Қазір ол өз үйінде. Қатарластарынан ешқандай өзгешелігі жоқ», - дейді дәрігер.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ваннаға ұзақ түскен әйелдің өкпесі қабынып қайтыс болды

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилдердің саны азаймай тұр

Канадада құлаған ұшақтан жолаушылардың барлығы тірі шықты (фото)

Қоластындағыларын "арамза, малғұндар" деп аямай сөккен басшы ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1705611-zhynys-mushesi-arqasynda-ornalasqan-sa.html