RU

Отандық танымал әнші өзін алдап кеткен әкімдердің әрекетін жайып салды

Әнші Шахизада туған жері Шымкентке жиі шақырту алады. Бірақ оны өз жұртының кей атқамінерлері «аузын айға» қаратып кеткен сәттері де аз болмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

"Әкімдер де алдап кеткен. Концертке шақырып алып, тиынымызбен келісіп алып, жақсы күтіп алып шығарып салатын кезде бір әкім жоқ", - дейді Шахизада.

Шахизада ханымның «құр шөппен ауыз сүртетін» билік басындағылардан әлі де көңілі қала қоймапты. Тіпті, жеке шығармашылық кешімді өткізуге қолдау береді деген үміті бар.

"Өзіміздің туған жерге концерт жасаймын деп, әкімшілік айтады ғой енді «Шәке концертіңізді жасап берейік, 30 жылдық концертіңіз елде өтсін» деп. Содан міне бір жылдан асты өтіп жатыр әлі. Күтіп жүрміз", - дейді ол.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ваннаға ұзақ түскен әйелдің өкпесі қабынып қайтыс болды

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилдердің саны азаймай тұр

Канадада құлаған ұшақтан жолаушылардың барлығы тірі шықты (фото)

Қоластындағыларын "арамза, малғұндар" деп аямай сөккен басшы ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1705663-otandyq-tanymal-anshi-ozin-aldap-ketke.html