Выйти
RU

ШҚО-да мемлекеттік туды құрметтемеген ауыл әкімі жеңіл сөгіспен құтылып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірер апта бұрын, ШҚО-дағы Жарма ауданы, Белтерек ауылының тоз-тозы шыққан әкімдігі мен туды мекемеге бір айдан астам уақыт бойы ілмеген ауыл әкіміне қатысты мақала жариялаған едік. Осыған орай, мәселенің немен аяқталғанын білу мақсатында облыс және аудан атқамінерлерімен тілдескен өңірдегі  NUR.KZ тілшісі ауыл әкімінің «жеңіл» сөгіспен сытылып шыққанын білді.

Шағын ауылдан шу шыққалы бері ШҚО шенеуніктері де әбден «әбігерге» түскен сыңайлы. Олар тіпті мәселенің немен аяқталғанынан білмей, редакциямызға беретін «ресми жауапты» бір-біріне сілтеумен болды.

Мәселен, облыстың Ішкі саясат басқармасына хабарласқанымызда, ондағылар «мәселені бақылауға алдық, арғысын Жарма ауданы Ішкі істер баcқармасы шешулері тиіс, бізде ондай құзырет жоқ», - деп мәлімдесе, аудандағылар «тексеру жүргізілді, әкімге сөгіс жарияланды» деп қысқа жауап беріп құтылды.

Бір қызығы, облыс атқамінерлері әкімге «сөгіс жарияланғанын» білмейтін болып шықты.

«Өткенде сіздер осы мәселені көтергеннен кейін, біз аудан әкімдігімен хабарласқан едік, олар «бәрі жақсы», ондай ештеңе болған жоқ» деген болатын, біз, шынымызды айтсақ, сөгіс жайлы естімеппіз. Ал, сіздерге бұл мәселе турасында ешқандай мәлімет бере алмаймыз, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері бар, солар шешу керек»,- деп түсіндірді облыстың ішкі саясат басқармасы мамандары.

Ал, осы мәселе турасында аудандық ішкі саясат бөлімі мамандарына қоңырау шалғанымызда, ондағылар «тудың расымен 24 қарашадан бастап ілінбегенін, нәтижесінде әкімге сөгіс жарияланғанын» жеткізді.

«NUR.KZ порталына мақала жарыққа шыққаннан кейін, ауданның ішкі саясат бөлімі басшысы бастаған жұмыс тобы ертесіне Белтерек ауылына барып, мәселені анықтауға тырысты. Ту сол уақытта шынымен ілінбеген, себебі, шалғай жатқан ауыл, жел жиі болып тұрады, содан болар, тулары жыртылып кеткен екен. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу ісі де уақтылы жүргізілмеген, нәтижесінде ауылда жаңа ту жоқ болып шықты», - деген аудан әкімдігі мамандары барлық кінәні «желге» сілтеумен болды.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің» 458 бабының екінші тармағында, «Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау – лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу» міндеті көрсетілген. Яғни, аудан басшылығы әкімге «мемлекеттік туға немқұрайлы қарағаны үшін» 453 800 теңге көлеміндегі айыппұл салулары тиіс еді. Десе де, өңір атқамінерлері заңға қайшы келген ауыл әкімінің бұл «әрекетіне» жеңіл сөгіс беріп, мәселені жылы жауып қойған секілді.

Қазіргі таңда NUR.KZ порталы мәселенің ақ-қарасына көз жеткізу мақсатында, «Қазгидромет» РМК-не ауылда сол күндері қандай ауа-райы болғаны туралы ресми хат жолдамақшы.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Шахтинскідегі шахтерлерге қатысты жаңа ақпарат пайда болды

Арктиканың мұзы соңғы мың жарым жылда болмаған жылдамдықпен еруде

Балаларын 10 жастан асқанда үйлендіріп жіберетін сығандар туралы не білеміз?

СІМ Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін баратынын айтты

Алматы облысында бала ұрланып жатқанын айтып жұртты дүрліктіргендер ұсталды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да мемлекеттік туды құрметтемеген ауыл әкімі жеңіл сөгіспен құтылып кетті