RU
Көңілдесі үшін күйеуін өз қолымен өлтірген әйелдің сұмдық оқиғасы елді дүрліктірді
Жаңалықтар Әлемде

Көңілдесі үшін күйеуін өз қолымен өлтірген әйелдің сұмдық оқиғасы елді дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Индияның 28 жастағы тұрғыны Суоти өзінің 32 жастағы күйеуін өлтірген. Артынша көңілдесінің бетіне химиялық қышқыл шашып, онымен бірге қалуды ойластырған. Таңғаларлығы, көңілдесі осы жоспарды толықтай қолдаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көңілдесі үшін күйеуін өз қолымен өлтірген әйелдің сұмдық оқиғасы елді дүрліктірді

Өайтыс болған Судкахара мен қылмыскер әйел Суоти

Суоти есімді әйелдің өзге еркекпен байланысып жүргенін байқаған күйеуі Судхакара оның мазасын ала бастапты. Сондықтан жұбайынан тезірек құтылуды ойлаған айлакер келіншек ол жұмыстан келген сәтте доғал затпен ұрып өлтіреді.

Осыдан кейін Суоти көңілдесі Раджешпен бірге марқұмның денесін орманға апарып өртеп жіберген.

Екі күннен кейін келіншек ғашығының бетіне химиялық қышқыл шашып жібереді. Ал күйеуінің отбасына оған біреулер шабуыл жасады деп алдайды.

Судхакараның ата-анасы келінінің көңілдесін өз балалары деп ойлап, оны дереу ауруханаға жетізеді. Бірақ көп ұзамай олар үйінде жүрген азаматтың бөтен адам екенін байқай бастапты.

Себебі Раджеш қайтыс болған жігітті шынайы сомдай алмайды. Ол марқұмның жақсы көретін тағамдарынан бас тартып, тіпті, қой етін жегісі келмейтінін айтқан.

Осыдан соң полицейлер Раджештің саусақ іздерін алып, оның Судхакара еместігін анықтайды. Оқиға себептері белгілі болғаннан кейін қылмыскерлер қамауға алынды. Әзірге оларға қандай жаза қолданылатыны белгісіз.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ваннаға ұзақ түскен әйелдің өкпесі қабынып қайтыс болды

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилдердің саны азаймай тұр

Канадада құлаған ұшақтан жолаушылардың барлығы тірі шықты (фото)

Қоластындағыларын "арамза, малғұндар" деп аямай сөккен басшы ұятқа қалды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
10
25
2
3
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel