RU

Арктиканың мұзы соңғы мың жарым жылда болмаған жылдамдықпен еріп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

 

Жаһандық жылынуға байланысты соңғы 1500 жылдан бері Арктикадағы мұз тез еріп жатыр. Бұл туралs АҚШ-тың Мұхит пен атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасының баяндамасында айтылды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Арктикада қазір адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған өзгерістер орын алуда. Сондай-ақ, бұл өзгерістер Солтүстікте тұратын тұрғындарға ғана емес, күллі адамзатқа қалай әсер ететінін білу үшін үнемі оны бақылап отыруымыз қажет. Қазіргі Арктика осыдан 10 жыл бұрынғы қалпына мүлдем ұқсамайды», - дейді арктикалық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Джереми Мэтис..

Баяндамада көрсетілгендей, 2017 жылы арктикалық мұздың жалпы аумағы 1981-2010 жылдарға қарағанда 25%-ға аз болды. Мұз қабатының қалыңдығы күн өткен сайын жұқарып келеді.

2016 жылғы қазан айынан 2017 жылғы қыркүйекке дейін Арктикадағы орташа температура бұрынғыдан 1,6 градус жоғарылаған. Солтүстік мұзды мұхитындағы судың температурасы да көтерілген.

Сонымен қатар, Арктиканы қоршап жатқан материкті аудандардағы мәңгі қатып жататын топырақ температурасының да өзгергені тіркелген.

«Топырақтың жіпсуі де адамдардың өміріне әсер етеді. Жолдар мен үйлер бұзылып, инфрақұрылымның басқа да нысандарына айтарлықтай зиянын тигізеді» , - деді баяндамасында Аляска штатындағы Университет зерттеушісі Владимир Романовский.

 

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

Жыныс мүшесі арқасында орналасқан сәби дәрігерлерді таңғалдырды

Отандық танымал әнші өзін алдап кеткен әкімдердің әрекетін жайып салды

Көңілдесі үшін күйеуін өз қолымен өлтірген әйелдің сұмдық оқиғасы елді дүрліктірді

Мысықты кір жуғыш машинаға салып, өлтірген сәтін желіге жариялаған жігіт сотты болды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арктиканың мұзы соңғы мың жарым жылда болмаған жылдамдықпен еріп жатыр