RU

Шоқан Уәлиханов шығармаларының жаңа жинағы жарық көрді

Шоқан ғалым ретінде де, дарын ретінде де әлі еркін ашылмаған арал, телегей теңіз тарих.

Бұл Алматыдағы "Ана тілі" баспасынан жарық көрген Шоқан Уәлихановтың шығармалар жинағының аудармашысы және құрастырушысы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сарбас Ақтаевтың пайымдауы.Ғұлама ғалымның 175 жылдығына орай "Мерейтойлық әдебиет" сериясымен басылған бұл кітапқа Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, жазушы, публицист С. Ақтаев ғұлама ғалымның 39 туындысын енгізген. Олардың арасында - "VIIІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар", "Қазақтар мен қырғыздар", Іле өңірінің ежелгі жұрты", " Қазақ поэзиясының түрлері", "Түстік-Сібір тайпаларының тарихы туралы", "Көне дәуір деректері", "Жоңғар очерктері" бар.

"Шоқанның рухани әлеміміздегі орнын айшықтай түсу үшін ғалымдар қауымы әлі көп тер төгуі керек. Кейінгі буын тереңірек түсінсін деп ғалымның бұрынғы аударылмаған тарихи шығармаларының біразын орыс тілінен тәржімаладық", -дейді С. Ақтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170623-shokan-uelihanov-shygarmalarynyn-zhana-zhinagy-zharyk-kordi.html