RU

СІМ Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін баратынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары көбейген. Бұл туралы бүгін Қазақстанның СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәдиевтің ақпаратына сүйенсек, екі ел арасында визасыз режим енгізілгеннен кейін, Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар саны едәуір өскен.

"Мысалы, осы жылдың ортасында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көшіп барғандар саны 5 500 адамды құраса, жыл соңына қарай аталған көрсеткіш 6 500-ден асқан. Яғни, қазір Кореяда заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт көбейді", - деді Мадиев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, отандастарымыз Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргеннен кейін түрлі қылмысқа барады. Тіпті адам өлтіруден тайынбайды.

"Олар адам өлтіруден бастап зорлық-зомбылық, өрт қою мен ұрлыққа дейін барады. Араларында қаңғыбас болып кеткендер де бар. Кореяның ақпараты бойынша қазір "қара" риэлторлар тобы жұмыс істейді. Олар қазақстандықтарды жинап, Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Ондай адамдар қара жұмыс істеп, жантүршігерлік жағдайда өмір сүреді. Олардың еңбек құқықтары қорғалмаған, келісімшарт та, медициналық сақтандыру да болмайды", - деген Мадиев Қазақстан азаматтарына абай болуға кеңес берді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

Жыныс мүшесі арқасында орналасқан сәби дәрігерлерді таңғалдырды

Отандық танымал әнші өзін алдап кеткен әкімдердің әрекетін жайып салды

Көңілдесі үшін күйеуін өз қолымен өлтірген әйелдің сұмдық оқиғасы елді дүрліктірді

Мысықты кір жуғыш машинаға салып, өлтірген сәтін желіге жариялаған жігіт сотты болды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СІМ Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін баратынын айтты