RU

"Жарайсыңдар!": Жер астынан шыққан ереуілші шахтерларды қошеметпен күтіп алды (видео)

Қарағанды облысында ереуілге шыққан кеншілер жер астынан шықты. Тек "Қазақстан" кен орнында 15 желтоқсан күнгі сағат 00.55 кезіндегі жағдай бойынша шахтерлар көтерілісі басылмай тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

«15 желтоқсан күні түнде барлық шахтерлер Шахтинск, Ленин және Тентек шахталарынан жер бетіне шығарылады, ал Қазақстан кенішінде әлі де ереуілдеп жатқандар бар. Кеншілер шахтада төрт күн болды», - делінген "АрселорМиттал Темиртау" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Компания ақпаратына сенсек, қарсылық танытқан жұмысшылар 14 желтоқсан күні сағат 23.46 шамасында шахталардан шыға бастаған.

"Сағат 23.15-те "Қазақстан" шахтасынан 56 адам шықты. Сондай-ақ жұмысшылар 00.00-де "Тентек" және "Шахтинск" кеніштерін де тастап шықты. 00.11-де аталмыш кен орындарынан барлық ереуілшілер жер астынан көтерілді. 00.18-де "Ленин" кеншілері шықты.

Енді тек "Қазақстан" шахтасындағы адамдарды шығару қалды. Қалғандары ереуілді тоқтатты", - деп түсіндірді "АрселорМиталл Темиртау" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Зульфира Мухамедьярова.

Сонымен қатар ол кеншілердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін атап өтті.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Шахтинскідегі шахтерлерге қатысты жаңа ақпарат пайда болды

Арктиканың мұзы соңғы мың жарым жылда болмаған жылдамдықпен еруде

Балаларын 10 жастан асқанда үйлендіріп жіберетін сығандар туралы не білеміз?

СІМ Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін баратынын айтты

Алматы облысында бала ұрланып жатқанын айтып жұртты дүрліктіргендер ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1706373-zharaysynhdar-zher-astynan-shyqqan-ereui.html