RU

Арықтауға арналған апельсин диетасын білесіз бе?

Мамандар жаңадан ойлап тапқан апельсин диетасын Massaget.kz сайты жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ескерте кетсек, апельсин цитрусқа жататындықтан, аллергия туындауы мүмкін. Аллергияңыз болған жағдайда бұл диетаны ұстамағаныңыз абзал.

Апельсин диетасын бір апта бойы ұстансаңыз, оның алғашқы үш күні келесідегідей болмақ (аптаның қалған күндерін осы ретпен қайта құрсаңыз болады):

Бірінші күн. Таңертең: бір апельсин және суға қайнатылған бір жұмыртқа.

Түскі ас: қатты майлы емес екі шыны айран не болмаса йогурт, қарабидай нанының бір тілімі.

Кешкі ас: суға пісірілген екі жұмыртқа, ұнатқан көкөнісіңіз және кептірілген нан.

Екінші күн. Бірінші күндегідей, тек жұмыртқаның орнына 125 грамм суға піскен сиыр етін тұтыныңыз.

Үшінші күн. Сиыр етінің орнына суға қайнаған не болмаса пешке пісірілген әрі калориясы аз 200 грамм балық.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман болады

ШҚО-да мемлекеттік туды құрметтемеген ауыл әкімі жеңіл сөгіспен құтылды

Назарбаев аса үздік жетістігі үшін Есімовті мемлекеттік наградамен марапаттады

Ел алдына бірдей көйлек киіп шыққан атышулы Сиви мен Ақбота қызу талқыға түсті (фото)

Үнемі кешігіп, жұрттың жүйкесін жұқартқан отандық әуекомпания рейстерін тоқтатуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1706671-aryqtaugha-arnalghan-apelsin-dietasy.html