Выйти
RU

Есірткімен ұсталып, Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық азамат елге оралды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін есірткі тасымалы үшін Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Үрімжі қаласынан өз Отанына оралды. Сотталған азаматты еліне қайтару үрдісі Қытайдағы Қазақстанның Елшілігімен, Бас прокуратурасы мен ҚХР Әділет министрлігімен жүзеге асты.

Естеріңізге сала кетсек, 1989 жылғы Ақмола облысының тумасы 2009 жылы Қытайдың Гуанчжоу провинциясындағы Гуандун қаласында есірткі тасымалы үшін ұсталып, өлім жазасына кесілген болатын және үкімнің орындалуы 2 жылға кейінге қалдырылды.

Ал 2011 жылы өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған болатын.

Қазақстандық дипломаттар және Бас прокуратураның қызметкерлері Қытай жағымен сотталған азаматтарды жазасын өз елінде өтеу жөнінде келіссөздер мен ауқымды жұмыстар жүргізді. Биылғы жылы Қытайдан Қазақстанға тағы 4 азамат жеткізілді.

Ал 2015 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан елшілігі мен ҚХР, сондай-ақ қазақстандық құзыретті органдардың жұмысының арқасында 15 азаматымызды елге қайтару ісі оң шешімін тапты.

Қазақстандық СІМ мен Бас прокуратура мұндай жұмыстарды өзге елдерде де белсенді жүргізіп жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені байқадыңыз? (фото)

ШҚО-да мемлекеттік туды құрметтемеген ауыл әкімі жеңіл сөгіспен құтылды

Мақпал Жүнісова өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздары туралы ойын айтты

Ел алдына бірдей көйлек киіп шыққан атышулы Сиви мен Ақбота қызу талқыға түсті (фото)

Үнемі кешігіп, жұрттың жүйкесін жұқартқан отандық әуекомпания рейстерін тоқтатуы мүмкін

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Есірткімен ұсталып, Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық азамат елге оралды