Выйти
RU

Шымкентте білдей профессор өгей қызын соққыға жыққан (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте өгей әкесі кішкентай қызды анасының көзінше соққыға жығып, қорлаған. Перзентінің көрген қорлығына шыдай алмаған әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Арызданушының сөзінше, жасөспірімді тепкінің астына алған ер кісі Оңтүстікте білдей профессор, медицина ғылымдарының кандидаты екен.

Клара Сабированың бірінші отбасынан екі баласы бар. Осыдан екі жыл бұрын азаматша Алибек Тоғайбеков есімді дәрігерге тұрмысқа шығып, бір шаңырақ астында тұрады.

Профессорға тұрмысқа шыққан келіншек алғашқы да бақыттан басы айналып жүрген. Өйткені отағасы жарының барлық жағдайын жасап жүріпті. Бірақ білікті дәрігер зейнеткерлікке шыққан сәттен бастап, отбасында ұрыс-жанжал жиілей түскен. Құрметті демалысқа шыққан ер адам ішімдік ішіп алып үйдегі тыныштықты бұза бастаған.

Клараның сөзінше, шайтан суға тойып алса жолдасы өз әрекетіне жауап бере алмай, қол көтере бастайды екен. Тіпті, сегіз жасар қызын тепкінің астына алып, қорлық көрсеткен.

"Ең ауыр болғаны бұрынғы некедегі ұлыма, қызыма қол көтергені болды. Соңғы рет қазан айында ұлымды басын жарып, ұрып тастады. Ұл ғой деп бұған көз жұмдым. Кейін оныншы қараша күні Айшуақ есімді жасы сегіз жастағы қызымды көз алдымда ұрып тастады. Ішкі істер органдарына ол кісінің үстінен арыздандым.  Қылмыстық іс қозғалса да бірақ ол жасаған ісін мойындамай отыр. Мені шаршатты. Жан-жаққа мені жамандап, қорлық көрсетіп жатыр. Тіпті қазір жұмыстағы басшылық тарапынан қысым көріп жатырмын", - дейді жәбір көрген әйел.

Клараның сөзінше, отағасы ешкім жоқ кезде кішкентай қызын үнемі ұрып-соғады екен. Ең сорақысы жасөспірімнің киімдерін жыртып, тыржалаңаш мұздай суға шомылдырғаны дейді анасы. Бірақ, кішкентай қызы өгей әкесінен қорқып, көрген қорлығы жөнінде тіс жармайды екен. Перзентінің жазықсыз жапа шеккені әйелдің жанына қатты батып, құзырлы органдарға шағымданған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл істі Шымкент қаласы Абай аудандық ПБ тексеруде.

Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 107 бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» екінші бөлімі бөлігі 8-тармағымен қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев ел алдында ақтарыла сөйлеген Жақсылық Үшкемпіровпен күш сынасты (видео)

Адамды малша сойып, пісіріп жеген қылмыскер Ақтөбе көшелерін кезіп жүр (фото)

Есірткімен ұсталып, Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық азамат елге оралды

Сапарбаев, Қанат Ислам, Әсел Сәдуақасова: Назарбаев кімдерді марапаттады? (фото)

Айтыстан шеттетілген белгілі ақын "Алтын домбыра" жүлдесіне ие болды (видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте білдей профессор өгей қызын соққыға жыққан (видео)