RU

Білдей бір театрды басқаратын Сәбит Әбдіқалықов мемлекеттік марапатқа ие болды

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, бірнеше жобалардың продюсеріəрі режиссер Сəбит Əбдіқалықов "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы аталмыш театрдың əлеуметтік желілердегі парақшасында белгілі болды.

"Бүгін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сəбит Əбдіқалықов Əдімүтəліұлы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.

Театрымызға басшы болып сайланған уақыттан бері өзі басқаратын ұжымды тек қана өрге сүйреп, биіктерден көрсете білген Сəбит Əбдімүтəліұлын тағы бір белесті бағындыруымен шын жүректен құттықтаймыз!

Театр өнерімен қоса кино саласында да еңбек етіп, ел мен жердің абыройын арқалап жүрген азамат қандай құрметке де лайық деп білеміз", - деп жазады театр баспасөз қызметі.

Аталмыш мапаратты театр директорына Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстаған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Адамды малша сойып, пісіріп жеген қылмыскер Ақтөбе көшелерін кезіп жүр (фото)

Есірткімен ұсталып, Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық азамат елге оралды

Назарбаев ел алдында ақтарыла сөйлеген Жақсылық Үшкемпіровпен күш сынасты (видео)

Сапарбаев, Қанат Ислам, Әсел Сәдуақасова: Назарбаев кімдерді марапаттады? (фото)

Айтыстан шеттетілген белгілі ақын "Алтын домбыра" жүлдесіне ие болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1707489-bildey-bir-teatrdy-basqaratyn-sabit.html