Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемқызметкерлер психологиялық тест тапсырып жатыр

Опубликовано:

Соңғы кезде біздің елде психометрикалық тест қолданыла бастады.

Бұл қызметкерлердің жеке интеллектуалдық қабілеттері мен кәсіби біліктілігін анықтау үшін құрастырылған. Қазір Қызылжарлық мемлекеттік қызметкерлер жаңа жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Сауалнама жүргізген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік осылай деп отыр. Тұңғыш қолға алынған тәжірибе сынақтан сәтті өтсе, сауалнама мемлекеттік қызметке қабылдаудың негізгі талаптарының біріне айналады. Жобаға Солтүстік Қазақстаннан өзге Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары да тартылған. Тестте 515 сұрақ бар. Оған жауап беруге екі сағат уақыт беріледі. Бірақ агенттік өкілдерінің сөзіне қарағанда, әзірге жоба күйіндегі сынақ нәтижесі қызметке еш әсер етпейді. Тың тәжірибеден өтіп жатқан қызылжарлық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік көрсеткіші 49 бен 83 пайыз аралығында ауытқып тұр.

Тест адамның, мысалы, жауапкершілігін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, адамгершілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Светлана Зайцева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқарма бастығының орынбасары:Тест сауалдарына 382 мемлекеттік қызметкер жауап берді. Енді түрлі департамент, басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары сынақтан өтеді. Барлығы — 92 адам. Тест адамның, мысалы, жауапкершілігін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, адамгершілігін бағалауға мүмкіндік береді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/170750-memkyzmetkerler-psihologiyalyk-test-tapsyryp-zhatyr/

pixel