RU

Оралда екі әйел мен үш жасар сәбиді өртеп жіберген жігіт өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

Оралда екі әйел мен үш жасар бүлдіршінді пышақтап, кейін мәйіттерін өртеп жіберген Әділет Қамалиев өмірінің соңына дейін темір торға қамалады. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасы 25-ке енді толатын Әділет жантүршігерлік қылмысты жасағанын бірден мойындаған. Үйленген әрі екі баласы бар азамат кезінде ұрлық жасағаны үшін түрмеге отырып шығыпты.

Алайда Әділет әйелінен бөлек 23 жастағы Баянсұлу есімді бойжеткенмен көңіл жарастырады. Баянсұлу одан көп ұзамай теріс айналған. Мұны көтере алмаған жігіт Баянсұлуды және оның үш жасар баласы мен 23 жастағы құрбысын пышақтап өлтіреді.

Кейін қылмысын жасыру мақсатында үш бірдей құрбанын көңілдесінің үйінде өртеп жіберген. Жантүршігерлік жайт бесінші қыркүйекте болған. Өртенген үйден екі келіншек пен үш жасар баланың мәйіті табылады. Көп ұзамай олардың өрттен бұрын өлтірілгені анықталған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев ел алдында ақтарыла сөйлеген Жақсылық Үшкемпіровпен күш сынасты (видео)

Мереке күндері қазақстандықтарды 30 градусқа дейін аяз күтіп тұр

Сапарбаев, Қанат Ислам, Әсел Сәдуақасова: Назарбаев кімдерді марапаттады? (фото)

Айтыстан шеттетілген белгілі ақын "Алтын домбыра" жүлдесіне ие болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1707646-eki-ayel-men-ush-zhasar-buldirshindi-orte.html