RU

Желтоқсан құрбандарына арналған жаңа ән жұртты жылатты 

Желтоқсан көтерілісінің құрбандарына арналған жаңа ән желіде көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

YouTube парақшасына жүктелген "Ерте үзілген ән" атты видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Сандуғаш Ноғаеваның орындауындағы әнді тыңдаған жұрт көздеріне еріксіз жас алғанын айтып, орындаушыға алғыстарын жаудыруда.

"Қазақ елінің басына түскен сол бір зобалаң мен желтоқсан ызғары əлі ұмыт болған жоқ...Тәуелсіздік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызға қанша құрмет көрсетсек те артық емес... Рахмет сізге, əніңіз үшін! Сəтті шыққан туынды екен", "Керемет, мұндай дауыс әлемде жоқ","Өте жақсы орындау, сөзі де сәтті шыққан", "Даусың керемет екен, сол желтоқсан жүректен еш уақытта өшпейді... Тебіреніп бір жылап алдым", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Видео авторы: Сандуғаш Ноғаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1707728-zheltoqsan-qurbandaryna-arnalghan-zhanh.html