RU

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Бүгін қазақстандықтар Тəуелсіздік күнін тойлап жатыр. Еліміздің өз алдына дербес мемлекет болғанына биыл 26 жыл толды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыдан 26 жыл бұрын яғни 1991 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойған болатын.

Осылайша, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Айта кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады.

Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет.

Мереке қарсаңында Астанада Тәуелсіздік күніне арналған жиында сөйлеген президент Назарбаев өткен кезеңдегі жетістіктерді атап өтіп, ел тұрғындарына алғысын білдірді.

Ал биыл Қазақстан халқы мейрамға байланысты төрт күн демалады.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Өмірзақ Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

Елімізде жаңа жылдан соң бензин мәселесі толық шешімін таппақ

18 жасында рекорд орнатқан әлемдегі ең жылдам футболшы кім? (видео)

Мереке күндері қазақстандықтарды 30 градусқа дейін аяз күтіп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1707759-qazaqstandyqtar-tauelsizdik-kunin-t.html