Выйти
RU

Қазақ қызының сұлулығына ғашық болған АҚШ азаматы Қазақстанға көшіп келген (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық азамат Нейтан Лолердің Ақтөбе қаласына көшіп келгеніне сегіз жыл болған. Қазақ қызының сұлулығына ғашық болған жігіт ойланбастан Қазақстанға келіп тұруға келіскен деп өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Менің жұбайым Нұргүл Байғазина Лолер қазақ, Ақтөбенің қызы, Тамды ауылында туып өскен. Қазір біз бірге Ақтөбе қаласында тұрамыз. Мен жұбайыммен ол Америкаға оқуға келген кезде таныстым. Бір-бірімізді ұнатып, отау құрғаннан кейін Қазақстанға келіп тұрамыз деп шештік. Менің Ақтөбе қаласында тұрғаныма сегіз жыл болады», - дейді Нейтан Лолер.

Ақтөбедегі Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі директорының орынбасары қызметін атқаратын Нейтон Лолер қазақтардың кеңпейіл мінезіне таңданысын жасырмады.

«Маған Қазақстан қатты ұнайды. Өте толерантты мемлекет. Сегіз жылдан бері бір адамнан кемсіту сөз естіп көрген жоқпын. Барлық ұлттар бірге, ұйымшылдықпен өмір сүреді. Қазақстандықтардың өзге ел азаматтарына деген құрметі өте ұнайды. Сонымен қатар, Қазақстандағы оқушылардың білім деңгейіне таң қаламын. Олар өте дарынды, бір бала үш-төрт тілге дейін біледі», - дейді Нейтан Лолер.

Америкалық азамат аз ғана уақыттың ішінде қазақ тілін үйреніп алған.

«Маған қазақ тілін үйрену қиын болған жоқ. Америкаға жылына бір-екі рет қана барып келеміз. Онда менің ата-анам тұрады. Ол жақта бір апта ғана боламын. Сенсеңіз, сол уақыттың ішінде өзімнің Қазақстанды сағынатынымды байқаймын. Сыйлық ретінде ата-анама «Қазақстан» шоколады мен киімдер сатып аламын. Бұл жақтың шоколады маған қатты ұнайды», - дейді ол.

Америкалық азамат қазақ тілін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін енесінен үйренген.

«Қазақтың еттен жасалған ұлтық тағамдары қатты ұнайды. Әсіресе, қуырдағы тәтті. Оны ең сүйікті тағамым деп айта аламын. Жұбайымның анасы оны жақсы дайындайды. Одан кейін бесбармақты, күрішті жақсы көремін. Біз отбасымызда тек қазақ тілінде сөйлесеміз. Енемнің тілі бай, тарих пәнінің мұғалімі. Қазақ тілін сөйлеуде мен ол кісіні үлгі тұтамын, сол адам құсап сөйлеуге тырысамын»,- дейді Нейтан Лолер.

Қысқа әңгімелесуден кейін шетел азаматы қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтайтынын айтты.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Желтоқсаншының әкімдіктегілермен кездесуі төбелеспен тына жаздады (фото)

1986 жылы 16 желтоқсанда түсірілген сирек суреттер (фото)

Әйеліне 350 мың долларға кино түсіріп берген Қайрат оны қатты сүйетінін айтты (фото)

Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақ қызының сұлулығына ғашық болған АҚШ азаматы Қазақстанға көшіп келген (фото)