RU

Қазақстандық КВН команда Жоғары лигада алғаш рет чемпион атанды (фото, видео)

Астаналық «Спарта Номад» КВН командасы алғаш рет Жоғары лигада чемпион атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

"2017 Жоғары лиганың чемпионы — "Спарта Номад" (Астана)! Біздің құттықтауымызды қабыл алаңыздар", - деп жазылған КВН-нің ресми сайтында.

Айта кетейік, КВН ойындары Жоғары лигасының финалы кеше Мәскеуде өтті.

Ойынға Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский қазылық етті.

Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды «Спарта Номад» (Астана), екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) иеленсе, үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті.

Ойынға қатысқан танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев бұл жеңіс Тәулесіздік қарсаңында ел тұрғындарына тамаша сый болғанын қуана хабарлады.

"Еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күніне "Спарта" КВН командасы керемет сый жасады! Біз бұл жеңісті 17 жыл күттік! Баршаңызды бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті мерекесімен құттықтаймын! Спарта - Чемпион!!!", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Желтоқсаншының әкімдіктегілермен кездесуі төбелеспен тына жаздады (фото)

1986 жылы 16 желтоқсанда түсірілген сирек суреттер (фото)

Әйеліне 350 мың долларға кино түсіріп берген Қайрат оны қатты сүйетінін айтты (фото)

Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1707851-17-zhyl-boyy-kutken-zhenhis-qazaqstandyq-k.html