RU
"Еуразия барысы" әлем кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды
Жаңалықтар Спорт

"Еуразия барысы" әлем кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

Рассказать Вконтакте

"Еуразия Барысы"қазақ күресінен әлем кубогы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісімен аяқталды.

"Еуразия барысы" әлем кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

"Еуразия барысы"

Турнирдің финалында ұлттық құрама Алматы командасын ұпай санымен ұтты. Негізгі кездесу тең аяқталды — 4:4.

Финалдан бұрын турнир жеңімпаздары Моңғолия мен жапония құрамасын тізе бүктірді, ал Алматы құрамасы Грузия мен Өзбекстанды жеңді. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде өзбектер жапондардан мықты екенін дәлелдеді.

"Бізге бұл турнирді ұтуға сәттілік жетпеді. Ұлттық құрамадан ұпай санымен ғана ұтылдық. Тең күрескен едік. Тұтастай алғанда қарсыластардың осалы болмады. Спортшылардың нәтижесіне көңілім толды. Енді басқа жарыстарға дайындаламыз," — деді екінші орын алған құраманың аға жаттықтырушысы Бауыржан Тәліп.

Жарыстарға барлығы сегіз елдің балуандары қатысты. Олардың арасында "Еуразия Барысына" алғаш рет қатысқан Бразилия, Жапония және Камерун құрамалары бар.

Осылайша, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен және тайқазанмен марапатталды.

Бірінші орынға — 10 миллион теңге, екінші орынға – 6 миллион теңге және үшінші орынға — 4 миллион теңге.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында пәтерден он жастағы баланың мәйіті табылды

Гей-клубта өнер көрсететін сегіз жасар бала әлем назарына ілікті (фото)

Ақтауда 93 жастағы соғыс ардагері терезеден құлап, қайтыс болды (видео)

Қытай телеарнасына қазақ тілінде сұхбат берген Димаш Құдайберген елді тәнті етті

Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
4
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір