RU

"Сталин" мен "Ленин" барша қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Ерлан Кәрібаев ресейлік "Сталин" және "Ленинмен" бірге қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

11-12 желтоқсан күндері Мәскеу қаласында өткен ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының 12-ші форумына қатысқан театр актері әйгілі "Қызыл алаңда" тұрып, отандастарына ерекше құттықтау арнаған.

Аталмыш видеоны Ерлан Кәрібаев алдымен желідегі өзінің парақшасына жариялаған.

Кейіннен Тәуелсіздік күніне арналған бұл құттықтау Instagram желісіндегі танымал пабликтерге таралып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708203-stalin-men-lenin-barsha-qazaq-elin-tau.html