RU

Тірі желтоқсаншыны өлді деп еске алған шымкенттіктер жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Шымкенттіктер тірі желтосаншыны "өлдіге" санап, елді дүрліктірді. Бұл жағдай туралы беделді шенеунік Бастар Есқараев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Қоғам белсендісінің мұндай жазбаны жариялауына желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылған келеңсіз жағдай себеп болыпты.

ОҚО мұрағат және статистика басқарма басшысы Бастар Есқараев бұл жағдайды "Жүректі жаралаған желтоқсан немесе сәтсіз сәйкестік" деп жазады.

Оның жазуынша, аталмыш басқармаға қатысты бір мекемеде желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өткізілген.

Сол іс-шарада желтоқсанда ерлікпен қаза болғандардың ішінде шенеуніктің жан досы Ербол Спатаевтың еске алу суреті, оның туған және қайтыс болған жылдары көрсетілген. Тірі досын өлілердің қатарына қосып жібергені шенеунікті таңғалдырса керек, ол біраз абдырап қалған.

"Бұл менің өңім бе, түсім бе!? Ұйымдастырушыларға өзім асығып тұрғанннан соң, көп нәрсе айта алмадым, бірақ Ерболдың тірі екенін, қазір Шымкент қаласында тұратыны жөнінде ескерттім. Қателеспейтін адам жоқ, әрине, бірақ олар оның суретін қайдан алған!?

Ерболмен мен әркез сөйлесіп тұрамын. Ерболдың ұялы телефонына хабарлассам, ол осы қалада "таксилетіп" жүргенін айтты. Мен ішімнен "аман болшы досым" дедім . Ол маған "жәй звондадың ба, Басеке" деп қояды. Мен жәй "хабарыңды білейін" дей салдым. Әттең, күйбең тірлікпен жастық шақты бірге өткізген достармен де кездесулер сиреп кетті", - деп жазады Бастар Есқараев.

Шулы жазба аз уақыттың ішінде қызу талқыға түскен. Көпшіліктің пікірінше, желтоқсан оқиғасына қатысқан тірі азаматтарды осындай іс-шараларда қайтыс болған деп жиі көрсетеді екен.

"Сондықтан, бұл бірінші жағдай емес, таңғалудың қажеті жоқ", - деп жазады оқырмандар.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Еуразия барысы" әлем кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

Байбек жеңіске жеткен қазақ балуандарына 10 млн теңге тапсырды

Ақтауда 93 жастағы соғыс ардагері терезеден құлап, қайтыс болды (видео)

"Сталин" мен "Ленин" барша қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)

Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708236-tiri-zheltoqsanshyny-oldi-dep-eske-algha.html