RU

"Жарқын бейнесі мәңгі сақталады": Назарбаев атақты актердің қазасына қайғырып, көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің дүниеден өткеніне орай көңіл айтты.

Жеделхатта Құман Тастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

«Оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Еуразия барысы" әлем кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

Байбек жеңіске жеткен қазақ балуандарына 10 млн теңге тапсырды

Ақтауда 93 жастағы соғыс ардагері терезеден құлап, қайтыс болды (видео)

"Сталин" мен "Ленин" барша қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)

Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708341-zharqyn-beynesi-manhgi-saqtalady-nazar.html