RU

Ән кешінде үндіше киініп, биге басқан Қайрат Нұртастың ата-анасы сынға қалды (фото, видео)

Қайрат Нұртастың ата-анасы махаббат тақырыбындағы ән кешіне үнді стилінде киініп келгені үшін оқырмандардан сөз естіп қалды. Оларға мұндай киімнің орнына қазақтың ұлттың киімін кигені дұрыс болатын айтқан желідегілер оларды сынап тастады.

Бұл кешке Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас мырзадан бөлек өзге де жұлдызды жұптар қатысқан. Олардың барлығы үнди стилінде киінген.

"Үнді стильдегі болатын кеште үнді музыкасына қазақша ән жаздырып айтуға тырыстық. Нури, Гули деп жазған себебіміз: екеуміздің қысқартып аталатын есіміміз осылай болатын. Концерттің қандай стильде өтетіні біздің идея емес, тек шартты орындадық. Бұл концертте әншілер ғана емес, "Маxаббат әлемі" өнер тарландары, актёрлар,бизнесмен және қарапайым xалық саxнада өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың мақсаты: отбасылық маxаббатты, сыйластықты, татулықты өсіп келе жатқан ұрпаққа көрсету және жастарды тәрбиелеу", - деп жазған Гүлзира ханым желідегі парақшасына.

Алайда әншілердің бұл әрекетін көрген желідегі қолданушылар қатты ашуланып, оларға түрліше пікірлерін жаудырды.

"Қазаққа тән махаббат әлеміне бармайсыз ба? Ұлттық каиім киіп, сәукеле, бешпет, шашбау тағып. Ақыл айтар жаста Гита-Зита болмай...", "Мыналарыңыз ұят екен! Жастарыңызға, өнердегі орындарыңызға жараспайтын қылық. Үндістер қазақтың ұлттық киімін киіп алып, əн кешін өткізбейтін еді", - деп жазды олардың кейбірі.

 

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708532-keshinde-undishe-kiinip-alghan-qayrat.html