RU

Көңілдесінің 3 жасар қызын пижама кимегені үшін аяусыз тепкіліген жігіт оны өлтіріп алды

22 жастағы АҚШ азаматы өзі кездесіп жүрген әйелдің 3 жасар қызын пижама кимегені үшін өлтіріп тастаған. Анасы жігітті қызына қарап беру үшін шақырып, киімін ауыстырып ұйықтатуын өтінген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Джален Ваден есімді 22 жастағы жігіт адам өлтіргені үшін және 3 жасар Джейдо Кайлға зорлық көрсеткені үшін айыпталуда.

Қыздың анасы өзі кездесіп жүрген жігітінен Джейдоға қарай тұруын өтініп шақырыпты. Онда Джален бүлдіршіннің киімін ауыстырып, ұйықтату керек болған.

Алайда қатал жігіт тапсырманы орындауға кіріскенде Джейда оны тыңдамай жылай береді. Әбден ашуланған азамат кішкентай қызды еденге лақтырып, содан соң оны кереуетке қарай тепкілеп тастаған. Біраздан соң үнсіз қалған сәбиді көтермек болғанда, ол есінен танып қалғанын байқайды.

Өкініштісі, Джейда ауруханада да бірнеше күн есін жимай жатып көз жұмды. Полиция қызметкерлері оның анасын қылмысқа қатысы жоқ деп таныды. Ал жігіт адам өлтіргені үшін және кішкентай қызға зорлық көрсеткені үшін сотталып жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Әлем жұртшылығын ерекше даусымен таңғалдырған қазақстандық Украинада жеңіске жетті (видео)

Құман Тастанбековты 20 желтоқсанда ақтық сапарға шығарып салады

Бүгінгі күнге арналған ауа-райы болжамы қандай?

Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Еліміздегі банктердің бірі жаңа жылдық кешке Ресейдің атышулы әншісін шақырды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708545-konhildesininh-3-zhasar-qyzyn-pizhama-kime.html