RU

"Музарт life" тобының солисі мен отандық актрисаның шаңырақ көтергені рас па? (фото, видео)

Желді смокинг киген "Музарт life" тобының солисі Серікболсын Кішкенбаев пен қалыңдық көйлегіндегі актриса Динара Бақтыбаеваның фотосы таралып кеткені сол еді, желі қолданушылары оларды шаңырақ көтерді деп болжап тастады. Алайда қос жұлдыз тек бейнебаянда ғана ғашықтар рөлін сомдаған екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Динараның өзі желідегі парақшасында хабардар етті.

"Жақында теңдессіз әрі сүйікті Мақпал Жүнісова мен Кенжебек Жанәбіловтың бейнебаяндарының түсірілімі өтті. Иә, мен бейнебаянда Серікболсын Кішкенбаевқа тұрмысқа шықтым. Дайректке құттықтап жазып жатқандар көп. Тіпті, ұялып кеттім. Достар барлығы өз уақытымен", – деп жазды актриса.

Динараның сөзін Серікболсын да растады.

"Керемет актриса, сұлу да сымбатты Динара Бақтыбаева қыздарыңызбен аз уақыт болса да жұп болған жайымыз бар", – деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708880-muzart-life-tobyny-solisi-men-otandyk-aktrisany-sayrak-ktergeni-ras-pa-foto.html