RU

Барша қытайлықтарды жылатқан Димаштың аспан асты еліндегі концерті қалай өтті? (фото, видео)

Күллі әлем жұртын өзіне қаратқан Димаш Құдайберген өткен аптада Қытайдың Чаңша қаласында үлкен шоу концертін өткізді. Қытай жұрты сүйіп тыңдайтын қазақ әншісі ел көңілінен шыққан әндерін айтып, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

"Лық толы стадион - рахмет, Чаңша! Dears, сіздерге сөзім жоқ, керемет қолдау көрсеттіңіздер! Кезек Фуджоу қаласында! Əлемнің түкпір-түкпірінен жиналған, ең мықты музыканттардан құралған командама рахмет айтамын! Олармен сəл кейінірек таныстырамын. Əзірге концерттен үзінділерді назарларыңызға ұсынамын", - деп жазған ол.

Концерт барысында Димаш өзі шығарған және репертуарындағы әндерін орындап, фанаттарын сүйсіндірді. Тіпті өзі шығарған әндерінің бірін орындау кезінде әнші толқығаннан әннің сөзін ұмытып қалғанын айтты.

Әннен бөлек ол өзінің домбырада ойнау шеберлігімен елді тәнті етті.

"Адай" күйін орындау кезінде қатты әсерленген тыңдарман қауым орнынан тұрып, Димашқа қошемет көрсеткен.

Концерт аяқталғанынан 15 минут өтсе де, фанаттар орындарынан кетпей, Димашты кошеметтеді. Қатты толқыған Димаш оларға алғысын айтып, әнші ретінде аса бақытты екенін жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708960-barsa-kytajlyktardy-zylatkan-dimasty-aspan-asty-elindegi-koncerti-kalaj-tti.html