Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашушаң еркек есік алдына тасталған хатқа бола әйелін өлтіріп тастады

Опубликовано:

40 жылға жуық бірге тұрған англиялық жұптың бақытын есік алдына тасталған белгісіз адамның хаты бұзды. Ер адам «әйелің басқа еркекпен кездесіп жүр» дегенге сеніп, оны өлтіріп тастаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ричард пен Сара төрт баланы тәрбиелеп отырған бақытты отбасы еді. Бірде олардың есігінің алдына белгісіз біреу хат тастап кетеді.

Онда Сараның басқа еркекпен кездесіп жүргені туралы жазылған.

Осыдан кейін 58 жастағы әйел өз анасымен бірге тұру үшін отбасын тастап кетіпті. Ал азамат күйзеліске түсіп, ғаламтордан өмірмен қош айтысудың жолдарын қарастырады.

Қайғылы оқиға болатын күні Сара бұрынғы күйеуінің үйіне қаржылық мәселелерді шешіп алу үшін келген. Әйеліне әбден тісін қайрап отырған азамат ұлынан оңаша қалдыруды өтінеді. Баласы қайта оралғанда кіре берісте «Өтініш, үйге кірмес бұрын полицияға хабар беріңіз. Осындай жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын» деген жазбахат ілулі тұрған.

«Әкем маған шыға тұршы деген кезде оның жағдайы жақсы еді», - дейді жігіт.

Ричард әйелін кешіре алмай, оның желкесіне бірнеше рет пышақ сұғып алыпты. Жарын арғы өмірге аттандырған соң ашулы еркек өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Осылайша өмір бойы жақсы тұрып келген жұптың өлі денесі жатын бөлмеден табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1708966-asusa-erkek-esik-aldyna-tastalgan-hatka-bola-jelin-ltirip-tastady/

pixel