RU

Құман Тастанбековпен жылап қоштасқан Асанәлі Әшімов жұртты егілтті (видео)

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы драма театры қабырғасында еліміздің әйгілі актері, қазақтың "Төлегені" - Құман Тастанбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтуде. Ел алдында Құманның қазасына орай өлең оқыған Асанәлі Әшімов егіліп жылап, залға жиналғандар еріксіз көзіне жас алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әріптесі мен замандасының қазасына қатты қайғырған Асанәлі Әшімов ақын Бақытхан Беделханның өлеңін оқыды. Ол егіліп жылап, Құман Тастанбековті ақтық сапарға шығарып салды.

Театрға жиналған қауым актердің өнердегі әріптесі Асанәлі Әшімовтің қоштасу сәтіне куә болып, көзіне жас алды.

Қазақ халқы үшін ауыр соққы болған қайғыға бүкіл қазақ жұрты көңіл айтып, актердің жары Меруерт Өтекешоваға сабыр тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708983-kman-tastanbekovpen-zylap-kostaskan-asanli-simov-zrtty-egiltti-video.html