RU

2018 жылы қандай киімдер сәннен қалмайды?

Сән саласының мамандары жаңа жылда сәнді саналатын киімдерді тізбектеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы crimea.kp.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күннен қорғайтын жіңішке көзілдіріктер

Мамандар жіңішке қара көзілдіріктердің әлі бірнеше маусым бойы сәннен шықпайтынын айтуда. Сондықтан бұл аксессуарды сатып алуға аянудың қажеті жоқ.

Кішігірім сөмке

Мұны клатчпен шатастырып жүрмеңіз. Кішігірім сөмкені сіз кештерден бөлек кеңсеге де, кездесулерге де алып жүре аласыз. Мұндай сөмкелер жаңа жылда сәнді саналатын болады.

Жіңішке мойынорағыштар

Мұндай мойынорағыштар сізді жылыта қоюы екіталай. Сәнге қайта еніп жатқан бұл аксессуар тек әдемілік үшін пайдаланылмақ.

Белі төмендетілген шалбарлар

Бұл шалбарды биік өкшемен кигеніңіз абзал. Себебі ол адамның аяғын қысқалау етіп көрсетеді. Дегенмен 2018 жылы дәл осындай шалбарлар сәнді болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1708989-2018-zyly-kandaj-kiimder-snnen-kalmajdy.html