RU

Айнұр Тұрсынбаева бастаған қазақ қыздары Дубай төрінде туған күнін тойлады (фото)

Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова сынды бірқатар қазақ қыздары құрбысының туған күнін тойлау үшін Дубайға аттанды. "Хан қызы" деп аталатын қыз жасауының ұлттық брендін қалыптастырған Жанар ханым өзінің туған күнін шетелде жасап, отандық жұлдыздарды шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Дизайнердің жеке меншік мерекесіне белгілі сынықшы Айнұр Асқарқызы, журналист Мақпал Қаратайқызы, айтыскер ақын қыздар Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысқызы және т.б. қыз-келіншектер жиналған.

Олар өзінің Instagram парақшасына суреттер жүктеп, елге сәлем жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709012-ajnr-trsynbaeva-bastagan-kazak-kyzdary-dubaj-trinde-tugan-knin-tojlady-foto.html