RU

Оқушылардан ақша жиналатынын естіген ақтөбелік ата-аналар шу шығарды

Ақтөбеде жаңа жылдық шыршаға деп оқушылардын ақша жинай бастаған мектеп ұжымына ата-аналар ашулы деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олардың айтуларынша әр баладан жиналған 500 теңгенің 350 теңгесі мұғалдімдер киетін кейіпкерлердің киіміне жұмсалса, ал қалған 150 теңгесіне оқушыларға сыйлық алмақшы екен.

Наразылық танытқандар ақша жинауды әдетке айналдырып бара жатқан ұжым тым болмағанда ата-аналардың жағдайына қараса екен дейді.

"Ақша жинауды азайту керек. Кезінде өзіміз де мектепте оқыдық, шыршаға бардық, дым жинамай, киініп. Қазір қит етсе ақша жинау. Бісіміллә деп мектеп табалдырығын аттайсың, ертеңіне уже ақша айтып келеді. Бермесең балаң соңынан қалады. Балаң ренжиді, жылап кетеді мектепке. Балаңның көңілі үшін бересің", - дейді ата-ана Айгүл Ізтілеуова.

Ал оқушылардан жиналған ақшаға балалардың өздеріне жаңа жылдық шырша өткізбекші болған мектеп басшылығы болса бұл жағдайды ата-аналардың келісімімен жасап жатырмыз деп ақталады.

Айтуларынша биылғы мерекені жылдағыдан өзгеше қылмақ ойда екен. Яғни сырттан келетін ешкім жоқ, мерекелік шоуды мұғалімдердің өздері өткізбекші.

"Бізде аяз атаның киімі бар. Ақшақардың киімі бар. Тағы да киімдер керек қой енді. Сосын мысалға сөздерін жаздыру керек. Олардың сөздерін жаздыру үшін де әрбір персонажға оған да ақша төлеу керек. Біз жылда 500 теңгеден 700 теңгеден жинатпаймыз. Келесі жылы алған киімдер өзімізде қалады. Шырша безендірулері өзімізде қалады", - дейді Ақтөбе қаласы №49 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Ділман.

Ал қалалық білім бөліміндегілер болса мектептердегі өткізілетін іс шараларға бюджеттен қаражат қарастырылмаған, сондықтан әр мектеп өз күштерімен ұйымдастырулары керек дейді. Ал ата-аналар демеушілік жасаймыз десе оған тосқауыл жоқ екенін айтады.

Енді жылдағыдан өзгеше етіп шырша өткіземіз деп оқушылардан ақша сұратқан мектептің мәселесін қалалық білім бөліміндегілер тексермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709105-okusylardan-aksa-zinalatynyn-estigen-aktbelik-ata-analar-su-sygardy.html