RU

Алтынай Жорабаеваның ата-анасы қызы мен күйеу баласының ара қатынасы туралы айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева өткен аптада Астана төрінде өзінің жеке концертін өткізген болатын. Өзге әншілер секілді шетелден жұлдыздарды алдырмай-ақ, жанды дауыспен бүкіл концертін алып шыққан әншінің концертінде оның ата-анасы да болды. Бұл тұста олар қызының жеке өміріне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтылды.

Алтынайдың әкесі Құлажан Жорабаевтың айтуынша, қызы аса салмақтылығымен, сабырлы мінезімен ерекшеленетін көрінеді. Сондықтан, оның жеке өмірінде болып жатқан жайттардың оның ұшқан ұясында алған тәрбиесіне еш қатысы жоқ.

"Мен өз қызыма сенемін. Міне, қызым қазір қырыққа келіп жатыр. Осы қырық жыл бойы ол көз алдымда, оны жақсы білемін ғой. Ол артық қимылға бармайды.

Барлығын байыппен шешеді. Сыйлағанды қатты түсініп, жарын одан бетер сыйлайтын ер адамдар болады. Сыйлағанды білмей, кәдімгідей ерін бауырына алып, лақтар болады ғой, сол сияқты қоқаңдап шығатын ер адамдар да болады. Мағынасын түсініп тұрған шығарсыз. Бірақ менің қызым Алтынайға біз ердің алдына шықпа, соған күйеуге тидің ба, соның айтқаны саған заң деп тәрбиелеген едік. Түсінетін бар, түсінбейтін бар, көтеретін бар, көтермейтін бар дегендей", - деп қысқа қайырды Құлажан Жорабаев.

Қызының Астана төрінде өтіп жатқан бұл концертіне қатты толқып, қуанып келген ата-анасы бақытты екенін айтты.

"Баладан көрер қызығың осы шығар", - деген олар қызының осы күнге дейін жеткен жетістіктерін айтып, қуаныштарын жасыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709108-altynaj-zorabaevany-ata-anasy-kyzy-men-kjeu-balasyny-ara-katynasy-turaly-ajt.html