RU

Салтанат Бақаева өзінің күйеуімен дуэт құрды (видео)

Танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева өзінің күйеуі Нұржанмен дуэт құрды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

Салтанаттың айтуынша, оның күйеуі табиғи дауыстан кенде емес. Тіпті үйлену тойы кезінде олар "Егіз лебіз" әнін айтқан екен.

"Әуеннен, музыкадан жұрдай адам деп айта алмаймын", - деді ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал желі қолданушылары болса, бірі әйелін, бірі күйеуін әнші етіп шығарып жатқан отандық жұлдыздарға наразы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709132-saltanat-bakaeva-zini-kjeuimen-duet-krdy-video.html