RU

Қайрат Түнтековтың анасы ұлының басынан өткен қиын кезеңді есіне алды

Қайрат Түнтековтің анасы Ғалия Әнуарқызы ұлының басынан өткен қиын күндерді есіне алды. Ол ұлын қолдау үшін арнайы Алматыда өтіп жатқан I"m singer байқауына келді. Оның айтуынша, бұдан бірнеше жыл бұрын Қайрат өзінің қандай жағдайға тап болғанын анасынан жасырған.

Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.

"Мұның барлығын сол кезде-ақ шешуге болатын еді. Алайда ол өзіндегі жауапкершілікті өзгеге жүктегенді ұнатпайды. Ол бізден бұл жағдайды жасырып қалған. Бұл жайт желтоқсанның аяғында орын алса, біз 7 қаңтар күні ғана естідік. Бастапқыда "қара пиар" деп ойладық. Себебі, ол үнемі өзі бәрін реттегісі келіп, бізге де айтпайтын. Тіпте БАҚ арқылы естігенде өзіміз де білмедік", - деді ол.

"Олардың бір қателігі оның ешқайда шықпауы туралы үкім шығарғандары. Оның Америкаға да, өзге елге де шақырды. Бірақ ол шетке шыға алмаса, қалай қарызынан құтылады?!", - деп наразы болған анасы Қайраттың бүгінде берешегі жоқ екенін айтты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709147-kajrat-tntekovty-anasy-lyny-basynan-tken-kiyn-kezedi-esine-aldy.html