RU

Зейнетақы қорындағы қаражатын кімдер толығымен ала алады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы ОҚО филалының бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев зейнетақы қорындағы қаржыны кімдердің толық ала алатынын айтты. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

- Зейнетақы қорындағы ақшасын біржолата алуға биылғы шыққан азаматтарымыз бізге өтініш беретін болса жиналған сомасына байланысты алады. Бірінші, екінші топтағы мүгедек азаматтар егер де мүгедектігі мерзімсіз болса онда олар да өтініш тапсырып зейнетақы қорындағы ақшасын алуға мүмкіндігі бар, - дейді Исабаев.

Сондай-ақ, маман еліміздегі ең төменгі зейнетақы мөлшері туралы да сөз қозғады.

- Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 31 мың 242 теңгені құрайды. Ал жоғары зейнетақы ол орталықтан тағайындалады, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарты жыл және одан да жоғары еңбек өтілі есептеледі және соңғы үш жылғы табысының көлеміне байланысты зейнетақы тағайындалады, - дейді бөлім басшысы.

Әбдімұрат Исабаев 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғаюына қатысты да пікір білдірді.

- Келер жылдан бастап әйел азаматтар үшін бірқатар өзгерістер болады. Яғни, 2018 жылдан бастап әйел азаматтардың жасы жарты жылдан ұлғайып отырады. Сөйтіп 2027 жылға дейін 10 жыл көлемінде әйелдер 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығатын болады, - деді маман.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709156-zejnetaky-koryndagy-karazatyn-kimder-tolygymen-ala-alady.html