RU

Кішкентай баланың Аяз атаға жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті

Үш жасар Ұлыбритания тұрғыны Эдвард Лэттер Аяз атаға жүрек елжіретер хат жолдады. Ол сыйлық орнына өзінің жоғалған күшігін тауып беруді өтінген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эдвардтың ата-анасы Морс деген күшікті 2017 жылы асырап алады. Оған бауыр басып қалған бүлдіршін үнемі жанынан тастамай ойнап жүрген.

Бір күні әкесі Ричард үй жануарының жоғалып кеткенін байқапты. Оны белгісіз біреулер көлігіне салып ұрлап әкеткен.

Ричард полицияға хабар бергенімен, Морс күшікті табу мүмкін болмады.

Сонда амалы таусылған үш жасар Эдвард Аяз атаның сиқыр жасай алатынына сеніп, оған хат жолдапты.

"Құрметті Аяз ата! Маған жаңа жылға бір ғана сыйлық керек. Ол менің күшігім Морс. Мен жыл бойы өте жақсы бала болдым. Рахмет! Эдвард Лэттер», - делінген хатта.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 9

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709206-kiskentaj-balany-aaz-ataga-zazgan-haty-zrtty-zregin-elziretti.html