RU

Алматы облысында 33 жастағы әйел көңілдесін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды

33 жастағы Алматы облысының тұрғыны азаматтық некедегі жолдасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік жағдай Талғар ауданында 20 желтоқсанда болған. Туғанбай ауылы жанындағы вагондардың бірінен ер адамның мәйіті табылдады.

Белгілі болғандай, қайтыс болған 47 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған.

«Күдікті өзінің түсініктемесінде азаматтық некедегі жолдасымен бірігіп ішімдік ішкенін айтқан. Екеуі өзара сөзге келіп, іс насырға шапқан. Сол сәтте күдікті жолдасына пышақ жарақатын салған. Қазір 33 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Қылмысын жасырмақ болған келіншек ұялы телефонын өртеп жіберіпті. Алайда бұл әрекетінен түк шықпаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709208-almaty-oblysynda-33-zastagy-jel-kildesin-pysaktap-ltirdi-degen-kdikpen-stald.html