RU

Ғалымдар ішіп алған еркектердің әйелдерге құштарлығы арта түсетінін дәлелдеді

Ғалымдар алкогольдік ішімдік ішкен еркектер әйелдің түр-әлпеті, мінез-құлқы сияқты қырларына мән бермей, онымен интимдік қатынасқа түсуді көбірек ойлайтынын дәлелдеді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

АҚШ-тағы Небраска-Линкольн университетінің ғалымдары эксперимент нәтижесінде мас еркектердің әйелдерді тек «ләззат алатын обьект» ретінде қабылдайтынын анықтады.

Тәжірибеге 20-30 жас аралығындағы 50-ге тарта ер азамат қатысқан. Олардың тең жартысына алкогольдік ішімдік, ал қалғандарына жай сусын берілген.

Осыдан кейін оларға әйелдердің суретін көрсетіп, қысқаша сипаттап беруді өтініпті. Ал еркектер реакциясы арнайы жүйе арқылы бақыланған.

Белгілі болғандай, ішімдікке масайған азаматтар әйелдердің төсі мен беліне назар аударып, оларды «тартымды» деп бағалайды.

Ал алкоголь ішпегендер суреттегі арудың бет-бейнесіне қарап, «көңілі кең адам» деп пікір білдіріпті.

Зерттеуді жүргізген ғалымдардың бірі Абигайль Римердің айтуынша, осындай ашық көзқарас соңы көбіне сексуалдық зорлық пен құштарлықтың артуына алып келеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709217-galymdar-isip-algan-erkekterdi-jelderge-kstarlygy-arta-tsetinin-dleldedi.html