RU

Шымкенттіктер өңірдегі ең әдемі бойжеткенді таңдады (фото, видео)

Бүгін Шымкент тұрғындары қаланың ең сұлу қызын таңдады. "Шымкент аруы-2107" атағы үшін 18 бойжеткен таласқа түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Айта кетейік, екі кезеңнен тұратын байқауда 56 бойжеткен бағын сынап, оның 18-і финалға өткен.

Байқау қортындысы бойынша бас жүлде Шымкент тумасы Айғаным Ниязбекке бұйырды. Ал оған ханшайым тәжін "Қазақстан аруы-2016" атағын жеңіп алған Гүлбану Әзімхан тапсырған.

Айғаным енді Шымкенттің намысын 2018 жылы наурыз айында өтетін "Қазақстан аруы" байқауында қорғайды.

Ал бүгінгі кешті елдіміздегі ең сымбатты актерлардың бірі Тәуекел Мүсілім мен танымал жүргізуші Ирина Тен жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709256-symkenttikter-irdegi-e-demi-bojzetkendi-tadady-foto-video.html