RU

Forbes 2017 жылғы ең бай танымал адамдардың рейтингін жария етті

Әйгілі Forbes журналы 2017 жылғы ең бай танымал адамдар тізімін жария етті деп хабарлайды massaget.kz-ке сілтеме жасаға NUR.KZ.

Биылғы тізімді 5,5 миллиард доллар кірісімен режиссер Джордж Лукас бастап тұр.

Одан кейінгі сатыларда режиссер Стивен Спилберг (3,6 миллиард доллар) пен тележүргізуші Опра Уинфри (2,8 миллиард доллар) жайғасқан.

Бұл рейтингке жоғарыдағылармен қатар, экс-баскетболист Майкл Джордан (1,4 миллиард доллар), иллюзионист Дэвид Копперфильд (875 миллион доллар), рэпер Пафф Дэдди ( 820 миллион доллар) мен Jay-Z (810 миллион доллар) және Dr.Dre (740 миллион доллар) енді.

Ондықты детектив романдар авторы Джеймс Паттерсон (730 миллион доллар) қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709258-forbes-2017-zylgy-e-baj-tanymal-adamdardy-rejtingin-zaria-etti.html