RU

Алматыда 16 жасқа толмаған 40 қыз жүкті болып қалды

Алматыда 16 жасқа толмай жатып, жүкті болғандардың саны 40-тан асқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы әкімінің әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат бойынша бас инспекторы Назира Тоғызбаева ерте жастағы жүктіліктің ресми статистикасын айтып берді. Сала маманы көптеген мемлекеттік мекемелер осыған қатысты нақты статистиканы айтудан қашады немесе азайтып айтады деп отыр.

«Мен олардан статистиканы неге азайтып көрсетесіздер деп сұраймын. Себебі мұнымен мәселе шешілмейді. Қазір қалада жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 27 рет тіркелген. Бізде жүкті жасөспірімдер де көп. 13-16 жас аралығындағы жүктілер саны 40-тан асады. Есепте олар азаматтық некеде тұрып жатыр деп көрсетіледі», - деді Тоғызбаева.

Инспектор мұндай ақпаратты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша басқа да белсенділермен кездесу барысында мәлім етті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709299-almatyda-16-zaska-tolmagan-40-kyz-zkti-bolyp-kaldy.html