RU

Жаңа жылдық шыршаға "Рухани жаңғыру" костюмін киген балақай елді таңырқатты

Петропавлда өткен президент шыршасына «Рухани жаңғыру» киімімен келген оқушы жұртты таңғалдырды. Жиында тағы бір бала Астананың 20 жылдық мерекесіне орай арнайы костюм киген. Олардың суретін желі қолданушысы Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қиялдың шегі жоқ деген осы! Петропавлдағы президент шыршасында өткен жаңа жылдық киімдер байқауында кім жеңіске жетті деп оайлайсыздар? Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайтын, Астананың 20 жылдығын тойлайтын нағыз қазақтың бренді! P.S. Аналарымыз тігіп берген Алдаркөсенің, мушкетер мен қоянның киімін киіген біз қандай бақытты едік», - деген журналист Саби Байбусинов ерекше киім киген оқушылар суретін өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Белгілі болғандай бұл оқушылар жаңа жылдық киім үлгілері байқауының жеңімпазы атанған.

Ал Петропавлда өткен президент шыршасына жалпы 600 оқушы қатысыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709355-zaa-zyldyk-syrsaga-ruhani-zagyru-kostumin-kigen-balakaj-eldi-tayrkatty.html