Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев: Мен өзімді керемет әкемін деп санамаймын

Опубликовано:

Мейрамбек Беспаев өзін керемет әкемін деп санай алмайтынын айтты. Әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында балалардың тәрбиесімен көбіне ата-анасы мен жары айналысатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен өзімді керемет әкемін деп санай алмаймын. Балалардың тәрбиесімен көбіне Мархабат, әке-шешем айналысқан соң олай айта алмаймын. Өйткені қастарында көп бола бермеймін»,- деді ол.

Ал әншінің анасы Жібек Жолдас болса баласын үнемі әлеуметтік желі мен теледидар арқылы көріп отыратынын жеткізді.

«Жиын-тойларда болмаса күнде кездесе бермейміз. Интернеттен қарап отырып: «Міне бүгін үйге келіпті» деп жатамыз. Күнде сағынып тұрамыз»,- дейді анасы.

Ал сахна королінің әкесі болса баласының сыртта жүргеніне еттері үйреніп кеткенін айтты.

«Кәусар мен Әбухайырды көрмесек тұра алмаймыз. Мейрамбектің сыртта жүргеніне үйреніп қалғанбыз. Телефон арқылы тілдесіп тұрамыз»,-деді әншіні әкесі.

Еске салсақ, Мейрамбек Беспаев бүгінде бір қыз, бір ұлдың әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1709366-mejrambek-bespaev-men-zimdi-keremet-kemin-dep-sanamajmyn/

pixel