RU

Астанада сауда үйі өртке оранды

NUR.KZ оқырманы WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Астанадағы сауда үйінде болған өрттің видеосын жолдады.

Видеода сауда үйі дәл ашылу салтанатында өртке оранғаны және ғимаратта сол сәтте қымзеткерлер мен сатып алушылар жүргені байқалады.

"Еувразия" сауда үйінде сағат 9:58-де өрт болды. Ешкім эвакуацияланбады. Адамдарды емін-еркін кіргізіп жатты. Өрт сөндірушілер бәрін сыртқа шығаруын сұрағанымен, күзетші, әкімшілік пен директор тарапынан ешқандай әрекет болмады.

Директор бәріне жұмысын жалғастырып, таза ауамен демалуға кезекпен шығуды ғана ұсынды. Ол ашулы күйде болды, дауыс көтерді", - дейді оқиға куәгері.

Астана ТЖД бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Сағат 10:03-те өрт туралы хабар келіп, өрт сөндірушілер төрт минутта келіп жетті. Екі көлік пен 12 адам тартылды. Өрт ауданы - екі шаршы метр. Бір қызға ыс тиіп, уланып қалды. Эвакуация жайлы ештеңе айта алмаймыз", - дейді ТЖД-да.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709497-astanada-sauda-ji-rtke-orandy.html