RU

Алматылық келіншек екі литр сыра үшін тыр жалаңаш шешініп тастады (видео)

Алматылық келіншек екі литр тегін сыра үшін тыр жалаңаш шешініп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға кеше түнде Алматыдағы көңіл көтеру орталықтарының бірінде орын алды. Мекемеге келген қыз-жігіттерді екі тарапқа бөлген музыкант ерлер қауымын жәй ғана билетсе, қыздарға келгенде талаптың басқаша екенін айтты.

Ол киімін шешкен "батыл" қызға екі литр сыраның тегін берілетінін мәлімдеді. Сыра үшін жарыса билеген қыздардың арасындағы орта жасқа келген келіншек көпшіліктің алдында іш киіммен тұруға еш қымсынбай, артынан ұтысын қолына көтеріп кетті.

Айта кетейік, Айжан Байзакованың барында басталған бұл әрекетке қоғам жаппай наразылық танытуда. Әлеуметтік желіде қазақ қыздарының мұндай әрекеті үшін ұялған жігіттер өз қарсылықтарын танытып, видео-үндеулер жолдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709536-almatylyk-kelinsek-eki-litr-syra-sin-tyr-zalaas-sesinip-tastady-video.html