RU

Әлемге әйгілі футболшы бес балалы 42 жастағы әйелге үйленбекші

Ұлыбританияның «Челси» футбол командасының жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас өзінен 12 жас үлкен бес балалы әйелге үйлену туралы ұсыныс жасады. Футболшы 42 жастағы қалыңдығымен жақын арада отау құрады деп хабарлайды ua-football.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйгілі футболшы Сеск Фабрегас кездесіп жүрген ару Даниэлле Семаан бес баланың анасы. Оның екеуі бірінші жұбайынан, ал үш кенжесі Фабрегастан туған балақайлар.

Даниэлле Семаан 42 жаста болғанымен өте жас көрінеді. Сондықтан спортшы оның өзінен 12 жас үлкен екеніне де қарамастан үйленетін болып шешкен.

Танымал жұптың танысу хикаясы да ерекше. Оны аңызға ұқсатып, әркім өзінше айтып жүр.

Біреулер Даниэлле мен Сескті алғаш рет Жапония мейрамханаларының бірінде кездескен деседі. Ару футбол жұлдызынан өзінің баласына афтограф сұрау үшін арнайы барыпты.

Ал кейбіреулер Дениэлл мас күйінде футболшыға нөмірін өзі тастап кетті дегенді алға тартады.

Бұл оқиғаның қайсысы рас екенін нақты ешкім айта алмайды. Сондықтан оларға өмірде бақытты болсын дейміз.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709601-lemge-jgili-futbolsy-bes-balaly-42-zastagy-jelge-jlenbeksi.html