RU

Қырғыз президенті Қазақстанның әнұранын қолын жүрегіне қойып тыңдады (фото)

Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан әнұранын қолын жүрек тұсына қойып тыңдады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Астанаға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековті Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.

Мемлекет басшылары делегациядағы лауазымды адамдармен қол алысады. Артынша оркестр Қырғызстан әнұранын, одан кейін Қазақстанның әнұранын ойнайды.

Еліміздің әнұраны шырқалған сәтте Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қолын жүрек тұсына қойып, құрмет білдірді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709637-kyrgyz-prezidenti-kazakstanny-nranyn-kolyn-zregine-kojyp-tydady-foto.html