RU

Заманбек Нұрқаділовтың қызы әкесіне арнап киімдер топтамасын шығарды (видео)

Қазақтың біртуар ұлы Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділова әкесіне арнап "Zaman Халық Маркасы" киімдер топтамасын шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Өз арнауын ақын қара өлеңмен, композитор әуенмен көрсете алады. Ал мен дизайнер ретінде әкем Заманбек Нұрқаділовтың құрметіне жасалған заманауи "Zaman Халық Маркасын ұсынғалы отырмын. Әкем мені бала кезімде көп нәрсеге үйретті. Ол кез-келген мәселені терең ойлайтын адам, үлкен талант иесі болды. Музыкалық шығармашылықпен айналысты, шахмат гроссмейстерде жақсы ойнады, арабша хат танып, холеграфия жазуды да үйренді. Мағанда соны үйретті. Соның арқасында маркаға терең мағына үйлестірдім",- деді Құралай Нұрқаділова.

Дизайнердің бастамасын көрген оқырмандары Құралайдың бастамасына алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.

"Әкеңіз сияқты халықтың қызы болыңыз!", "Сәттілік тілеймін! Жарайсыз!", "Ісіңіз оңынан болсын! Сіздердің суреттерді көріп, көзімізге жас келді",-деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709719-zamanbek-nrkadilovty-kyzy-kesine-arnap-kiimder-toptamasyn-sygardy-video.html